Продюсер Баян Алаөзова көптен бері бірге екенін жасырып жүрген актер әрі режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсынның қарым-қатынасы туралы айтып қойды.
Бұл жайлы ол қызы Айсәуле Бақытбектің YouTube бағдарламасында сұхбат берген кезде айтты. Айсәуле анасынан Қазақстандағы ең әдемі жұптарды атауды сұрағанда, Баян Алагөзова бірден Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынды атап өтті.
«Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын – өте әдемі жұп. Екеуіне қарасаң, олардың бір-біріне шын көңілмен ғашық екенін бірден көресің. Барлығы сырттан байқалып тұрады», – деді продюсер.
Еске салайық, 2020 жылы Ақан Сатаев 26 жыл отасқан жары Назира Бақаевамен ресми түрде ажырасқан болатын. Ол уақытта режиссер бұл шешімнің оңай болмағанын, бірақ екі тарап та жағдайға түсіністікпен қарап, балалары үшін достық қарым-қатынасты сақтап қалғанын айтқан еді.
«Ажырасуда жақсылық жоқ, бірақ өмір кейде қиын шешімдер қабылдауды талап етеді. Біз Назира екеуміз бәрін сабырмен ақылдасып шештік. Балаларымыз үшін әке мен ана болып қала береміз», – деген болатын Сатаев.
