Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсірді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Отандасымыз Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Нәтижесінде екінші раундта ол қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді.

Бұл жеңістің арқасында Сабыржан Аққалықов 1/16 финалға жолдама алды және Дубайдағы әлем біріншілігінде медаль үшін күресін жалғастырады.

Әуесқой бокстағы жетістіктеріне тоқталсақ, Сабыржан Аққалықов:

  • 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама дебютанты Әбинұр Нұрымбет «Ордабасыға» ауысты

Redaktor

Майами WTA 1000: Юлия Путинцева Елена Рыбакинамен ойнайды

Redaktor

Бокстан Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Redaktor