Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Майами WTA 1000: Юлия Путинцева Елена Рыбакинамен ойнайды

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті.

Ол алғашқы кездесуде әлемнің 40-ракеткасы, индонезиялық Джанис Тьенге қарсы ойнады.

Бірінші партия 6:3 Тьеннің пайдасына шешілді. Алайда Путинцева кейінгі екі сетті 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, матчта камбэк жасады. Ойын екі сағат 6 минутқа созылып, Путинцева 2 эйс соғып, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Тьен 12 эйс пен 2 брейк жасады.

Үшінші айналымда Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеспек. Айта кетейік, Елена 2023 және 2024 жылдары Майами турнирінде финалға дейін жеткен болатын, ал өткен жылы екеуі де екінші айналымнан аса алмады.

Қазақстандық теннисшілердің бұл кездесуі турнирдің қызықты тартыстарын жалғастыратыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстаннан қысқы Олимпиадаға қанша спортшы қатысатыны белгілі болды

Redaktor

Ламин Ямаль Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды

Redaktor

Карлос Адамес Мейірім Нұрсұлтановтың орнына басқа қарсыласты таңдады

Redaktor