Танымал актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова ұзақ уақыттық үнсіздіктен кейін алғаш рет қайын атасы Нұртас Айдарбековпен бірге көпшілік алдында бой көрсетті.
Жұлдыз әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісіп, жалғыз інісінің үйленгенін айтты. Ол тойдан бірнеше қызықты бейнежазба жариялап, оқырмандарынан мыңдаған жылы пікір алды. Желі қолданушылары актрисаның «бес баланың анасы екені білінбейді» деп әсем көрінісіне таңдай қақты.
Тойда Нұртас Айдарбеков те өнер көрсетіп, қонақтардың назарын өзіне аударды. Алайда көпшілік Жұлдыздың төркінінде өткен тойға Гүлзира Айдарбекованың келмегенін байқап, бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
«Гүлзира көрінбейді ғой», «Гүлзира қатты ғой, келмей қалған», «Қайрат Жұлдыздың қайын жұртына сый көрсетіп келіпті», «Жұлдыз бұрын бұлардың тойына бармаған еді», «Үстіне не киіп алған?»
Қалай болғанда да, Жұлдыздың отбасылық шараға қатысуы көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.
