Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Әлем чемпионатында қазақстандық алты боксшы жартылай финалға өтті

ҚФБ

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шықты.

71 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов ширек финалда әзербайжандық Сархан Алиевпен кездесіп, белсенді ойын көрсетіп, қарсыласына көп соққы бағыттады. Жекпе-жек төрешілердің басым дауысымен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Сонымен қатар, жартылай финалға Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Сабыржан Аққалықов (75 келі) да шықты.

Ширек финалда Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санәтәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сүрінді.

IBA турнирі 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтіп жатыр. Жарыста 13 салмақ дәрежесі белгіленген, жүлде қоры жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 мың доллар алады.

Ұқсас жаңалықтар

Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасынан кеткен соң жаңа команданы жаттықтыруға келісті

Redaktor

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Александр Винокуровтың ұлы «Астана» велокомандасында спорт директоры қызметіне тағайындалды

Redaktor