Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатында бір матчта 14 шайба соқты

Қазақстан хоккей федерациясы

Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Францияны 14:6 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы кезеңінде Қазақстан 0:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Екінші кезеңде отандастарымыз төрт шайба соқса, француздар тек бір шайбамен жауап берді. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз, қарсылас – үш шайба соқты. Қорытынды есеп – 14:6.

Айта кетейік, турнир басталғанда Қазақстан командасы Украинадан овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп, Словенияны буллит бойынша 5:4 жеңген еді.

Бүгін Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі, ал 13 желтоқсанда соңғы матч Аустрияға қарсы өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, екінші орында тұр. Бірінші орында – Норвегия (8 ұпай). IA дивизионынан элитаға тек бір команда ғана көтеріледі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Redaktor

Қазақстан премьер-лигасының дебютанты «Ұлытау» және Жезқазған футболы туралы не білеміз?

Redaktor

«Реал» Вальверде мен Тчуамениге 500 мың еуродан айыппұл салды

Redaktor