Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды

©depositphotos.com

2025/2026 жылғы UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейін плей-оффқа шыққан алғашқы бес команда белгілі болды.

Олар: «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция), «Манчестер Сити» (Англия) және «Аталанта» (Италия). Бұл бес команда енді жалпы кестеде 25-тен төмен орынға түспейді.

Жалпы кезеңнің қалған екі туры қаңтардың екінші жартысында өтеді. 1–8 орындарды иеленген командалар тікелей 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9–24 орындарды иеленген командалар қосымша матчтарда, яғни 1/16 финалда ойнайды.

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Канелоны» жеңген боксшының әйеліне Қырғызстанда іздеу жарияланды

Redaktor

Базар жастары киберспорттан бақ сынасты

admin_beksports

Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті

Redaktor