Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Өзбек боксшысы Сабыржан Аққалықовпен жұдырықтасудан бас тартты

ҚФБ

Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы Сабыржан Аққалықов финалға мерзімінен бұрын шықты.

75 келі салмақта сынға түсетін Аққалықов жартылай финалда өзбек боксшысы Фазлиддин Эркинбоевпен кездесу тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты рингке шыға алмайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде Сабыржан финал жолдамасын автоматты түрде иеленді.

Шешуші жекпе-жекте ол ресейлік Исмаил Муцольгов пен Мали спортшысы Джибрил Траоре арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов бұған дейін World Boxing кубогында топ жарып, беделді «Странджа» турнирінде чемпион атанған тәжірибелі спортшы.

Ұқсас жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі Биволдың бұрынғы жұбайының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Redaktor

Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Redaktor

Шорт-тректен эстафетадан қола жүлде бұйырды

Redaktor