Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын еске алды

Тоқтар мен Бейбіттің желідегі парақшасынан /

Белгілі әнші Тоқтар Серіков «Хабар» арнасындағы «КешRec» бағдарламасына қатысып, жары Бейбіт Сейдуәлиевамен алғаш қалай танысқанын айтып берді.

Өнер иесінің айтуынша, олар 2000 жылдың 10 қазанында өткен «Нұр-Мұқасан» тобының концертінде алғаш рет жүздескен.

«Сол күні Ұлықпан Жолдасов екеуміз алдыңғы қатарда отырдық. Концерт барысында Бейбітті көріп қалдым. “Керемет әнші келіпті, осы қызды табу керек” деп ойладым. Бір аптаның ішінде тауып алып, таныстым. Ол кезде қазақша онша сөйлей бермейтін, орысша өскен қыз екен. Алдына кім келіп тұрғанын да білмейді. Бірақ қазақ өнеріне ерекше екпінмен келгені байқалып тұрды. Басында аға ретінде араластым, кейін бір-бірімізге тез бауыр басып кеттік», – дейді Тоқтар Серіков.

Әнші болашақ жарының көңілін табу үшін ерекше сыйлық жасағанын да жасырмады.

«Қазір жастар не сыйлайтынын білмеймін, ал ол кезде мен апорт алмасын сыйладым. Алма – жемістің төресі ғой. Арнайы сатып алып, қолына ұстаттым. Ол рақметін айтып, қуанды. Бірақ алманың астарында қандай ой жатқанын түсінген жоқ. Кейін “ана бір қуыршақ бар ғой, соған ұқсайсың” дедім. Атын да білмей, “Борби” деп қойдым. Ол күліп, “Борби емес, Барби” деді. Сол сәтте қыздың алдында алғаш рет қатты ұялып қалдым», – деп еске алды әнші.

Бағдарлама барысында Тоқтар Серіков отбасылық өмірі мен өнер жолындағы естеліктерімен де бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

«Димаш – көкте, Қайрат Нұртас жерде». 95 жасқа келген Бибігүл Төлегенова шындығын айтты

Redaktor

Бір уақытта үш әйелі болған: Болат Назарбаевтың құпия отбасылық өмірі

Redaktor

Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына ерекше есім қойды

Redaktor

Пікір жазу