Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Төрехан Сабырхан тың жаңалығымен бөлісті

Фото: ҰОК

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жанкүйерлеріне тың жаңалығын бөлісті.

Спортшының сөзінше, ол отандық фильмнің бір эпизодына түскен. Бұл туралы шымкенттік спортшы желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

«Жақында кино шығады. Сіздерді кинотеатрда күтемін» , — деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл қыркүйек айында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарды. Аталған сында оның туған ағасы Махмұд Сабырхан да үздік атанды.

Ол былтыр Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарған болатын. Оның салмағында өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов өткен аптада аяқталған ІВА әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағы сыйлығына ұсынылды

Redaktor

Еуро-2026: Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға шақырылды

Redaktor

Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды

Redaktor