Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағы сыйлығына ұсынылды

Фото: Сали Сабиров (ҰОК)

Халықаралық конькишілер одағы 2026 жылғы мәнерлеп сырғанаудан ISU сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады.

«Үздік костюм» номинациясына қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров ұсынылды. Ол сахналық образы және бағдарламалық костюмдеріндегі детальдарға ерекше мән беруімен ерекшеленеді.

Марапаттау рәсімі 29 наурызда Прага қаласында өтеді және Skating ISU YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермендер төрт номинация бойынша – «Үздік костюм», «Ең әсерлі бағдарлама», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы» – дауыс бере алады. Әр номинация бойынша бір рет дауыс беру мүмкіндігі бар.

Халықаралық конькишілер одағы 2020 жылдан бері жыл сайын мәнерлеп сырғанаудағы ерекше жетістіктерді атап өтіп келеді. Бұл шара спортшылардың, жаттықтырушылардың, хореографтардың және костюм дизайнерлерінің еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылады. Алғашқы салтанатты рәсім пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Оны Олимпиада және әлем чемпиондары Танит Уайт пен Чарли Уайт жүргізді.

Әр жылдары марапат иелері қатарында Курт Браунинг, Тара Липински, Джонни Уэйр және тележүргізуші Эльма Смит болды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – «Үздік костюм» номинациясында ISU сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Бұл марапат мәнерлеп сырғанау әлеміндегі ең беделді сыйлықтардың бірі саналады және спорттық нәтижелер мен көркемдік шеберлікті қатар бағалайды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ-дың жаңа маусымының күнтізбесі анықталды

Redaktor

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Redaktor

Шетелдік сарапшы Нұрсұлтановтың не үшін чемпиондық белдікке неге шықпай жүргенін түсіндірді

Redaktor