Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақтың ең сұлу боксшысы жекпе-жегі алдында жағымсыз жаңалықты хабарлады

әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман денсаулығына байланысты алдағы айқасын кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жекпе-жекке дайындық толық жоспарға сай, жоғары деңгейде жүргізілген. Алайда жаттығу кезінде мойын тұсынан жарақат алып, дәрігерлердің ұсынысымен кездесуді уақытша шегеру туралы шешім қабылданған. Осыған байланысты команда алдын ала жасалған дайындық жоспарына өзгеріс енгізген.

Балауса Мұздыман қазір басты назарды толық сауығуға аударатынын айтып, өзіне үнемі қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, аталған жекпе-жек 27 желтоқсанда Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында, Ali Akhmedov Promotion Fight Night бокс кеші аясында өтуі тиіс болған. Дегенмен кездесу ресми түрде кейінге шегерілді. Бұл айқастағы қарсыластың есімі жарияланбаған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Балауса Мұздыман Астанада өткен Battle of the Brave бокс кешінде жеңіске жетіп, кәсіпқой рингтегі рекордын 9 жеңіске дейін жеткізген (7 нокаут).

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан Азия жасөспірімдер ойындарының жүлдегерлерін қаржылай марапаттады

Redaktor

World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Redaktor

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

Redaktor