Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Жұлдыз Әбдукәрімова Асанәлі Әшімов туралы жазды

әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өнердегі ұстазы, қазақ киносы мен театрының аңызы Асанәлі Әшімов туралы әсерлі жазба жариялады.

Әбдікәрімова әлеуметтік желіде аңыз актермен бірге түскен суреттерін бөлісіп, соңғы кездесу екенін білмегенін жазды.

«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз адам еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Театр мен кино өнеріне өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, туыстарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз мәңгі жадымызда қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз», — деп жазды актриса.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, бірнеше буын актерге ұстаз болған тұлға ретінде ел жадында қалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ұқсас жаңалықтар

«Табылмай жатыр»: Жас әншіні соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тың дерек шықты

Redaktor

Мұқасан Шахзадаев ұсталды — Жан Ахмадиев

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың бір көмекшісі ыдысын жуса, екіншісі костюмін ұстап жүреді

Redaktor

Пікір жазу