Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Абиба Әбужақынова 2025 жылды бірінші орынмен аяқтады

Фото: спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан 2025 жылғы халықаралық маусым өз мәресіне жетті. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге қатыспағанымен, бұл жағдай Абиба Әбужақынова үшін маңызды көрсеткішке әсер еткен жоқ.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошының еншісінде 5096 рейтингтік ұпай бар. Осы нәтижемен ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысында маусымды аяқтады.

Өкінішке қарай, өзге қазақстандық дзюдошылар үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) жоғары көрсеткішке жақын болды — екеуі де әлемдік рейтингте 14-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биыл Абиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда күрестен U17 және U20 бойынша ел чемпионаты өтеді

Redaktor

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті

Redaktor

Ризабек Айтмұқан жалғыз өзі әлем чемпионатынан жүлде алды

Redaktor

Пікір жазу