Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Миллиард жинаймыз!». Дариға Бадықова «Таптым-ау сені 3» қашан шығатынын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа «Таптым-ау сені 3» фильмінің түсірілімі аяқталғанын мәлімдеді.

Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбасында айтты. Оның сөзінше, фильмнің түсірілімі кезекті рет ауылдық жерде өткен.

«Тағы да бір ауылда 5 актермен, 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгені үшін DBO production кешірім сұрайды», – деп әзілдеді Бадықова жариялаған видеода.

Сондай-ақ продюсер жаңа туындының қашан көрерменге жол тартатынын да хабарлады.

«Тағы да ауылда кино түсірдік! Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы. Бізде бәрі шынайы. Көрерменге арналған “Таптым-ау сені 3” фильмі түсірілді. Бұйыртса, 26 наурызда прокатқа шығады», – деді ол.

Айта кетейік, «Таптым-ау сені» фильмдер сериясы бұған дейін де көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық прокатта жоғары табыс көрсеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Жүдеп, әбден әбіржіп кеткен». Сәкен Майғазиевтің жас келіне қатысты ақпарат тарады

Redaktor

«Өкпеге қисам да, өлімге қимадым»: Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімов туралы жазба жариялады

Redaktor

Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды

Redaktor