Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өнер жолында жүрген бір топ әріптесінен ерекше ықылас көрді. Олардың қатарында Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Бейбіт Сейдуалиева, Гүлнүр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова және Мөлдір Әуелбекова бар.
Жанар Айжанова бастаған әнші қыздар Роза Рымбаеваға арнап ән шырқап, жаңа жылымен құттықтады.
«Роза апай, әнші қызы сіз халқымның. Роза апай, батыр қызы сіз халқымның. Жаңа жылыңыз құтты болсын, Роза апай», — деп ән арнаған олар Рымбаеваны құшақтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Алайда мұндай тосын сыйды күтпеген Роза Рымбаева:
«Не болып қалды, қыздар?» — деп жауап қатты.
Осы сәттен кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншінің реакциясына түрлі пікір білдіре бастады.
«Роза апам менсінбей тұрған сияқты», «Неге сонша қатайып тұр?», «Ұлық болсаң, кішік бол деген ғой», «Құшағын ашып, мейірімін төксе жақсы болар еді»,- деген секілді сын-пікірлер жазылды.
Сонымен қатар дәл осындай құттықтау Мақпал Жүнісоваға да жасалғаны белгілі болды. Бұл жолы желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың жылы шырайын атап өтіп, екі әншінің реакциясын салыстырды.
«Мақпал апай өте жылы қарсы алды», «Екеуінің реакциясы мүлде бөлек», «Мақпалдың кішіпейілдігі байқалады», — деген пікірлер көптеп жазылды.
Айта кетейік, өнер адамдарының бір-біріне көрсеткен құрметі кейде осындай қоғамдық талқылауға да ұласып жатады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
