Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді

Фото: "Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Алматылық Қайрат футбол клубы 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда 4 қаңтар күні таңертең Абу-Даби қаласына аттанып, жиын 15 қаңтарға дейін жалғасады.

Жиынның негізгі мақсаты – футболшылардың оңтайлы физикалық бабына келуі және алдағы ресми матчтарға дайындық.

Айта кетейік, 2 қаңтарда «Қайрат» ойыншылары үш апталық демалыстан кейін клуб базасына жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өткен.

Бақылау матчтары

Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиыны аясында «сары-қаралар» екі жолдастық кездесу өткізеді:

  • 9 қаңтарНефтчи
  • 14 қаңтарВараждин

Алдағы маңызды ойындар

Еске салсақ, 20 қаңтарда «Қайрат» Астана қаласында бельгиялық Брюгге командасымен кездеседі. Ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі соңғы матчта ағылшынның Арсенал командасына қарсы ойнайды.

Осылайша, Абу-Дабидегі жиын «Қайраттың» жаңа маусым алдындағы дайындық барысындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйінші хабар! Қазақстандық жас теннисші ITF турниріндегі алғашқы жеке жеңісіне жетті

Redaktor

Олимпиадаға іріктеу: хоккейден Қазақстан құрамасы Австрияны ұтты

Redaktor

«Өзге елге кетіп қалды»: Софья Самоделкина жеңісінен кейін Ресейде сынға қалды

Redaktor