Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы IBF белдігінен айырылды

©facebook.com/janibekalimkhanulyteam/

International Boxing Federation қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырып, себебін түсіндірді.

IBF түсіндіруінше, ұйымның №18 ережесіне сәйкес антидопинг талаптарын бұзған боксшы федерация санкциялаған жекпе-жектерге қатыса алмайды және бір жыл бойы рейтингке енгізілмейді. Әлімханұлының дисквалификациясы 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін күшінде болады.

Сонымен қатар ұйым ережесіне сәйкес чемпион боксшы титулды жеңіп алғаннан кейін тоғыз ай ішінде міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуге тиіс. Әлімханұлы үшін белбеуді қорғаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 4 шілде болса да, дисквалификацияға байланысты ол бұл талапты орындай алмайды.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі телеконференция өткізді. Кеңес мүшелерінің басым бөлігі орта салмақтағы чемпиондық титулды дереу вакантты деп жариялау керек деген шешім қабылдады.

Нәтижесінде, бұрын Жәнібек Әлімханұлы иеленген IBF чемпиондық белбеуі ресми түрде бос деп жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» еурокубокта тағы ұятқа қалдырды

Redaktor

Бизнесмен Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» клубын сатып алды

Redaktor

Қазақстан садақ атудан Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Redaktor