Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» Абу-Дабидегі алғашқы жиынына қатыспайды

Фото: ҚФФ

«Қайрат» футбол клубы Абу-Дабиде өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Алайда тізімде Дастан Сәтпаевтың есімі жоқ.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек және Азамат Тұяқбаев қазіргі таңда ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Осыған байланысты олар Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайды.

Айта кетейік, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін клуб базасына жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

Ал 4 қаңтар күні таңертең «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Команда 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.

Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза, Данила Буч

Қорғаушылар: Луиш Мата, Александр Мартынович, Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Сұлтан Асқаров, Әмірбек Базарбаев

Жартылай қорғаушылар: Дан Глейзер, Валерий Громыко, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбеков, Яакко Оксанен, Юг Станоев, Мұхамедәли Әбіш, Исмаил Бекболат

Шабуылшылар: Жоржиньо, Эдмилсон, Рикардиньо, Рамазан Бағдат, Мансұр Бірқұрманов

Бұған дейін «Қайраттың» Абу-Дабиде екі бақылау кездесуін өткізетіні хабарланған болатын. Атап айтқанда, 9 қаңтарда команда «Нефтчимен», ал 14 қаңтарда «Вараждинмен» ойнайды.

Сонымен қатар 20 қаңтарда сары-қаралар Астанада бельгиялық «Брюггемен» кездессе, 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі

Redaktor

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Redaktor

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 32 команданың жеребесі тартылды

Redaktor

Пікір жазу