Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Әр қадамын аңдып, маза бермеді»: Шымкенттегі 21 жастағы қыздың қазасына қатысты жақындарының айтқандары

Фото: Марқұмның жақындарынан алынды

Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Аймахан туралы марқұмның ағасы мен құрбылары әлеуметтік желілерде үн қатты.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай Threads желісінде:
«Қолымыздан келгені – әділ жазаны беру. Қарындасым ақылды, сабырлы, жуас қыз болған. “Жоқ” деген сөзді түсінбеген, сталкер болды», – деп жазды. Ол көпшіліктен істің әділ қаралуына қолдау сұрады.

Желіде #Нұрайүшін хэштегі пайда болып, көпшілік резонанс тудырды. Айым есімді қолданушы жазбада марқұм қыз күдікті Аймахан Шерханмен былтыр жазда тойда танысқанын, сол кезден бастап күдіктінің қыздың артынан қалмай, психологиялық қысым көрсеткенін жеткізді. Қыздың әр қадамы бақыланып, құрбылары арқылы қайта-қайта мазаланып тұрған.

Қыз полицияға арыз жазса да, шағымы тиісті түрде қаралмаған. Күдікті ашық түрде «Мені темір торға қамай алмайсың» деп қорқытқан. Нәтижесінде, барлық ескертуге қарамастан, оқиға қасіретпен аяқталып, Нұрай қаза тапқан.

Марқұмның құрбысы Нұрайдың 2004 жылы туған, 21 жаста болғанын, өмірі енді ғана басталғанын, тәрбиелі, ұяң, ниеті түзу қыз болғанын айтты. Құрбысы қыздың «жоқ» деген жауабы үшін қысымға, қудалауға және зорлыққа ұшырағанын жеткізді.

Жақындары қылмыскерге толық заң бойынша жазалау, полицияның әрекетін тексеру және істі әділ қарауды талап етіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда жоғалған отбасы ісі: жаңа деректер пайда болды

Redaktor

«Өзі секілді сұп-сұлу қызы бар»: Кәмшат Жолдыбаеваның өміріне қатысты тың жаңалық белгілі болды

Redaktor

Қайрат Нұртастың қызы анасының отбасылық өміріне көңілі толмайтынын айтты

Redaktor