Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Ертістің» аңыз футболшысы беделді қызметке тағайындалды

"Ертіс" ФК

Павлодар футбол мектебінің түлегі, «Ертістің» аңыз футболшысы Руслан Есімов клубтың спорт директоры қызметіне тағайындалды. Ол «Ертіс» сапында 150-ден астам матч өткізіп, 17 гол соққан.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша кәсіби мансабын аяқтаған «Ертістің» аңыз ойыншысы Руслан Есімов футбол клубының спорт директоры қызметіне кірісті. «Ертіс» сапында ол 150-ден астам матч өткізіп, 17 гол соқты. Клубпен бірге Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегері атанып, Екінші лиганың чемпионы және Бірінші лиганың вице-чемпионы болды. Павлодарлық жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған Руслан Есімов команданың қайта жандануына елеулі үлес қосып, Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуында маңызды рөл атқарды. Екібастұз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі кәсіби мансабында жалпы 389 матч өткізіп, 50 гол соққан, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін павлодарлық «Ертістің» бас бапкері қызметіне Беларусь маманы Кирилл Алшевский тағайындалған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Redaktor

«Барыс» «Автомобилисттен» овертаймда опық жеді

Redaktor