Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Евгений Кошкин Олимпиададағы басты мақсатын айтты

ҰОК

2026 жылы Италияда өтетін Олимпиаданың басталуына санаулы апта қалды. Конькимен жүгіруде Қазақстан құрамасына ілігуге басты үміткерлердің қатарында биылғы маусымда шеберлігін айқын көрсете білген Евгений Кошкин бар.

Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол алдағы Олимпиададан не күтетінін, алға қойған мақсаты туралы айтып берді.

Әрине, жарысқа барынша дайын болып, өз әлеуетімді көрсеткім келеді. Біз күнделікті жаттығудың бәрін соған арнап жатырмыз. Қазірдің өзінде жүлде алуға мүмкіндік бар, үміт те жоқ емес. Алайда, бәрі дәл сол күні мінсіз болады дегенге сенбеймін. Көбіне жарыс күні күтпеген сценариймен өтеді. Мен үшін ең маңыздысы — жан-жақтан қысым болуына қарамастан, осындай жоғары деңгейдегі жарыстарда өзімді шыңдау. Әдетте менде не бәрі ойдағыдай өтпейді, не әлемдік рекордқа жетемін (күледі). Орташа нәтиже деген жоқ. Ал Олимпиада ойындарында не боларын өзім де тағатсыздана күтіп отырмын, — деді ол.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысқан. Сондай-ақ 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасының қосалқы құрамында болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның жеті боксшысы АҚШ-қа аттанды

Redaktor

Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Redaktor

World Boxing: Өзбекстан бокста Қазақстаннан басымдық танытып отыр

Redaktor