Аустралияның Мельбурн қаласында Australian Open-2026 жарысының жекелей сындағы жеребесі тартылып, отандық теннисшілердің қарсыластары белгілі.
ATP рейтингінде 10-орында тұрған Бублик алғашқы айналымда әлемнің 48-ракеткасы Дженсон Бруксбиге (АҚШ) қарсы кортқа шығады. Ал рейтингте 104-орында тұрған Шевченконың қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина бірінші кезеңде WTA рейтингінде 97-орында тұрған Кая Юванмен (Словакия) ойнайды. Ал әлемнің 105-ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда бразилиялық Беатрис Аддад Майямен (WTA №59) кездеседі.
Сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) арқылы негізгі топқа енген Зарина Дияс алғашқы кездесуін әлемнің 25-ракеткасы, Испания өкілі Паула Бадосамен өткізеді.
Australian Open-2026 турнирі 1 ақпанға дейін жалғасады.
