Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Әлемнің 10-ракеткасы Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының екінші кезеңіне жолдама алды.

Отандасымыз алғашқы матчында әлемнің 48-ракеткасы, АҚШ өкілі Дженсон Бруксбимен кортқа шықты. Бублик бұл кездесуде сенімді ойын көрсетті. Отандасымыз қарсыласын үш сетте де бердей есеппен жеңді – 6:4, 6:4, 6:4. Екі сағат 4 минутқа созылған ойында Александр Бублик 12 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Ал Бруксби 4 эйспен және бір ғана брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Үшінші айналымға шығу үшін Бублик әлемнің 55-ракеткасы, Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездеседі. Фучович алғашқы кезеңде әлемнің 47-ракеткасы, аргентиналық Камило Уго Карабельиді 7:6 (7:5), 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан қысқы Олимпиаданың тағы төрт жолдамасын жеңіп алды

Redaktor

Қуанышты жаңалық! Отандық маман ресейлік ТОП клубтың жаттықтырушысы атанды

Redaktor

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Redaktor