Қазақстан Биатлоншылар Одағы жаттықтырушылар штабының бірлесе отырып, Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың ресми тізімін бекітті.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 4 квотаға (2 ер, 2 әйел) ие болды. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша, ерлер құрамасынан Владислав Киреев пен Асет Дюсенов, әйелдер құрамасынан Милана Генева мен Айша Ракишева қатысады.
Биылғы Олимпиадаға аттанатын биатлоншылардың орташа жасы 24–25 жас шамасында, бұл – биатлон тарихындағы ең жас құрамдардың бірі болып саналады. Дегенмен, команданың әлеуеті зор: спортшылардың қоржынында әртүрлі қашықтықтар бойынша жалпы 17 лицензия бар.
Қазіргі уақытта команда Чехияда өтетін Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Әлем кубогы аяқталған соң, құрама тікелей Италияға аттанады. Миландағы биатлон жарыстары 8 ақпан күні басталады.
