Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының командасы В допинг-сынамасының нәтижесін растады

Жәнібек Әлімханұлының жеке парақшасынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша оның менеджері Берік Сұлтан В сынамадан да тыйым салынған зат анықталғанын ресми түрде мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардың көпшілігі шындыққа жанаспайды және қоғамды жаңылыстырып отыр.

Жәнібекке қатысты түрлі негізсіз мәліметтер тарауда. Тіпті оны ұзақ мерзімге шеттетіп, чемпиондық белбеулерінен айырды деген ақпараттар бар. Бұл – шындыққа сәйкес келмейді. Сондықтан жағдайды нақтылап түсіндіруді жөн көрдім, – деді менеджер.

Берік Сұлтан В сынаманың нәтижесі А сынамамен сәйкес келгенін атап өтті. Дегенмен оның сөзінше, тыйым салынған заттың анықталуы спортшының допинг қолданғанын білдірмейді.

Жәнібек ешқашан допинг пайдаланған емес. Ол – таза спорт қағидаларын ұстанатын кәсіби боксшы, – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында спортшының А сынамасынан мельдоний табылып, соған байланысты оның WBC чемпионы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс жекпе-жегі кейінге шегерілген болатын. Кеше Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы да В сынамадан тыйым салынған зат анықталғанын растады.

Ұқсас жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова рейтингте көш бастады

Redaktor

Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Redaktor

ҚХЛ: Миллиардтаған бюджеті бар «Барыс» жеңілістен көз ашпай келеді

Redaktor