Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Жамбыл облысында күреске келген 22 спортшы ауруханаға шұғыл жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Меркі ауданында 12-17 жас аралығындағы 22 жас спортшы ауруханаға түсті. Оқушылар Қызылорда облысынан оқу-жаттығу жиынына келген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жасөспірімдер 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс орнынан жеткізілген. Алдын ала диагноз — шығу тегі анықталмаған гастроэнтерит.

Оқиғаның себебін анықтау үшін демалыс орнындағы тамаққа сараптама тағайындалды, нәтижесі әзірге белгісіз. Аталған дерек полицияда тіркеліп, тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оқиға орнына әкім орынбасарлары барып, жедел штаб отырысын өткізді. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жеңіл, денсаулықтары тұрақты және дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, «Тұран» демалыс орнында барлығы 103 спортшы мен 13 жаттықтырушы орналасқан.

Ұқсас жаңалықтар

Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Redaktor

«Қайрат» «Олимпиакоспен» ойын алдында жанкүйерлерін қуантты

Redaktor

Шавкат Рахмонов пен Иан Гэрри бетпе-бет кездесті

Redaktor