Beksports спорт порталы
Жаңалықтар

Париж-2024: қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі

ҚР ҰОК

Ертең, 25 шілде күні, Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада медаліне таласты бастайды. 

Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.

Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.

25 шілде күні жекелей сын өтеді. Спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан қашқан боксшы оңбай жеңілді

Redaktor

Қазақстанның ең үздік дзюдошыларының бірі татамиге қайта оралды

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor