Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде тарихи нәтиже тіркеді

ҚТФ

Юлия Путинцева 2026 жылғы Australian Open турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Түркия атынан өнер көрсететін, WTA рейтингінде 112-орында тұрған Зейнеп Сөнмезді 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді.

Турнирдің төртінші айналымында отандасымыз Жасмин Паолини (Италия) мен Ива Йович (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін Юлия Путинцева бұл турнирде үшінші айналымнан әрі аса алмаған.

Аталған матчқа Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Аустралияда тұратын 20-дан астам қазақстандық жанкүйер келіп, спортшымызға қолдау көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Өзбекстанның әлем чемпионын үйіне қайтарды

Redaktor

Олимпиада жүлдегерінің Париждегі белдесуі сенсациямен аяқталды

Redaktor

Қостанайда халықаралық турнир аяқталды

Redaktor