Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Елімізде тағы бір футбол клубы жекенің қолына өтті

"Қызылжар" ФК

Солтүстік Қазақстан облысының «Qyzyljar» футбол клубы жекешелендіру процесін аяқтап, енді жеке инвестордың қаражаты есебінен жұмыс істейтін болды. Клубқа жекеменшік инвестор ретінде Rare Metals Kazakhstan компаниясының өкілі, кәсіпкер Сергей Кан анықталды.

Жаңа заңды тұлға — «Qyzyljar» футбол клубы» жеке мекемесі тіркеліп, бұрынғы «Кызыл-Жар СК» ЖШС мен жаңа мекеме арасында барлық қажетті келісімдер жасалды.

Басқарманың хабарлауынша, 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы клуб облыс атынан республикалық жарыстарға дайындалып, қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұл кезеңде мемлекеттік қаржыландыру біртіндеп азаймақ.

2026 жылы клубқа 2 млрд теңге бөлінеді: 1,4 млрд негізгі командаға, 559 млн балалар-жасөспірімдер футболына бағытталады. 2027 жылы қаржы көлемі 1,8 млрд, 2028 жылы 1,7 млрд теңге болады.

Сонымен қатар, инвестор жыл сайын кемінде 1 млрд теңге жеке қаражат жұмсап, клубтың қосымша шығындарын, оның ішінде легионерлерге қатысты шығындарды өтей алады. Болашақта клуб толығымен инвестор қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан боксшылары қатарынан 11 жекпе-жекте жеңіске жетті

Redaktor

Ризабек Айтмұқан Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанды

Redaktor

Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

Redaktor