Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Рафаэль Уразбахтин: «Қайраттың» ертегісі аяқталды

Фото: "Қайраттың" баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Лондондағы «Арсенал» командасынан сырт алаңда 2:3 есебімен жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.

Кездесу «Эмирейтс» стадионында өтіп, «зеңбірекшілердің» пайдасына шешілді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Уразбахтин «Қайраттың» Еуропадағы жолын және жинаған тәжірибенің маңызын атап өтті.

«Біздің футбол ертегіміз аяқталды. Жинаған баға жетпес тәжірибеге өте қуаныштымыз. Біз үздік командалармен ойнап, топ-клубтарды Қазақстанға әкелдік», – деді бас бапкер.

Оның айтуынша, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы өнері жанкүйерлердің футболға деген қызығушылығын арттырып, қазақстандық футболдың дамуына серпін берді.

«Арсеналға» қарсы ойын жайлы сөз қозғаған Уразбахтин қарсыластың жоғары деңгейін ерекше атап өтті:

«Біз Еуропаның үздік командаларының бірімен ойнадық. Бұл біз үшін үлкен сабақ. Алғашқы минуттарда біраз абдырап қалдық, үшінші минутта қателік жіберіп, гол өткізіп алдық. Соған қарамастан, жігіттер мінез көрсетті.

Бас бапкер матчтың қиын өткенін, бірақ команда ойынына риза екенін айтты. Оның сөзінше, «Қайрат» бұл ойында ерекше жетістікке де қол жеткізді:

«Балалар үлкен қысымға төтеп беріп, екі гол соқты. Жалпы кезеңде «Арсеналға» екі гол соға алған басқа команда болмады», — дейді ол.

Сондай-ақ Уразбахтин Лондондағы қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтті:

«Бізді осыншама көп жанкүйер қолдайды деп күтпедік. Миланда да, Лондонда да қолдау күшті болды. Біз сол үшін ойнаймыз», — дейді бапкер.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет қатысып отыр. Жалпы кезеңде алматылықтар 8 матчтың 7-еуінде жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады. Команда 7 гол соғып, 22 гол жіберіп алды және турнир кестесінде 36-орынға тұрақтады.

Соған қарамастан, бас бапкер бұл тәжірибенің болашақ үшін аса маңызды екенін айтты:

«Мұндай матчтар арқылы ойыншыларымыз тезірек өсіп, дамиды. Біз көргіміз келген деңгей – осы. Енді дұрыс қорытынды шығаруымыз керек», -деді Рафаэль Уразбахтин.

Ұқсас жаңалықтар

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

Redaktor

Азия чемпионаты: 5 сәуірде Қазақстан — Өзбекстан боксшылары рингте жолығады

Redaktor

Роналду карьерасына қатысты маңызды шешім қабылдады

Redaktor