Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болды

Фото: ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды. Бас бапкерлік қызметті Данияр Қайсанов атқарады.

Данияр Қайсанов — жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.

2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болды.

Еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында ұйымдастырылып, бапкерлер құрамы толық таныстырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясының президенті ERG компаниясының акциясын сатып алмақшы

Redaktor

Төрехан Сабырхан Испаниядағы жарыста қарсыласын ірі есеппен жеңді

Redaktor

«Тобыл» жаңа бас бапкерін таныстырды

Redaktor