Халықаралық World Boxing әуесқой бокс федерациясы 2026 жылға арналған жарыстар күнтізбесін жариялады.
Биыл федерация ұйымдастыратын ірі спорттық додалар қатарына құрлықтық чемпионаттар мен көпсайысты халықаралық турнирлер енгізілген.
Атап айтқанда, күнтізбеде Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары, сондай-ақ World Boxing Әлем кубогы бар. Өткен жылғы формат сақталып, Әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Турнирдің финалдық кезеңі жыл соңында Өзбекстанда өтеді.
World Boxing. 2026 жылғы жарыстар күнтізбесі:
8-15 наурыз – World Boxing Futures Cup 2026 (U19). Бангкок, Таиланд.
28 наурыз – 11 сәуір – Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Улан-Батор, Моңғолия.
20-26 сәуір – World Boxing Әлем кубогы, I кезең (ерлер мен әйелдер). Фос-ду-Игуасу, Бразилия.
15-20 маусым – World Boxing Әлем кубогы, II кезең (ерлер мен әйелдер). Гуйян, Қытай.
23 шілде – 2 тамыз – Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер). Глазго, Шотландия.
15-26 қыркүйек – Бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер). София, Болгария.
19 қыркүйек – 4 қазан – Азия ойындары (ерлер мен әйелдер). Айти–Нагоя, Жапония.
10-17 қазан – Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер). Пуэбла, Мексика.
31 қазан – 13 қараша – Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары. Дакар, Сенегал.
25 қараша – 2 желтоқсан – World Boxing Әлем кубогы, финалдық кезең. Ташкент, Өзбекстан.
