Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

instagram.com/kazwrestling_official

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнир Қазақстан әйелдер күресі үшін табысты аяқталды. Ел құрамасы жарыс қорытындысында 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан күрес федерациясының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы ресми халықаралық бәсекесінде 72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, 55 келі салмақта Лаура Алмағанбетова, ал 59 келіде Виктория Хусаинова финалдық белдесулерде ғана есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, Иван Ярыгин турнирі – әлемдік күрестегі ең беделді жарыстардың бірі саналады. Бұған дейін Жәмилә Бақбергенованың Мажарстанда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде алғаны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде көш бастады

Redaktor

Данияр Елеусіновтің рингке оралу күні белгілі болды

Redaktor

Қазақтың ең сұлу боксшысы жекпе-жегі алдында жағымсыз жаңалықты хабарлады

Redaktor