Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы қарсыласы белгілі болды

ҚТФ

Бүгін Астанада теннистен Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчы өтеді.

Кортқа бірінші болып сағат 15.00-де әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен монаколық Уго Нис шығады. Содан кейін кортта Александр Шевченко мен Валантен Вашро өнер көрсетеді.

Сенбіге үш кездесу белгіленген. Beeline Arena ұлттық теннис орталығында алдымен Александр Шевченко – Бейбіт Жұқаев және Роман Арнеодо – Уго Нис жұптары ойнайды.

Бұдан соң қос команданың көшбасшылары Александр Бублик пен Валантен Вашро шеберлік байқасады. Сосын ешқандай өзгеріс болмаса, Александр Шевченко мен Уго Нис доданы түйіндейді.

Үш ойында жеңген команда жеңімпаз атанып, алдағы жылы болатын Дэвис кубогының іріктеу турына жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Redaktor

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Redaktor

Абиба Әбужақынова 2025 жылды бірінші орынмен аяқтады

Redaktor