Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Олимпиада жүлдегерінің Париждегі белдесуі сенсациямен аяқталды

Фото: ijf.org

Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Дүбірлі доданың алғашқы жарыс күнінде Олимпиаданың жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев күтпеген нәтиже көрсетті.

Қазақстандық дзюдошы 1/32 финал кезеңінде Моңғолия спортшысы Жанцандорж Унурбатқа жол беріп, турнирмен ерте қоштасты. Белдесу барысында қарсыласы екі рет нәтижелі әдіс жасап, келесі айналымға өтті.

Айта кету керек, бұл кездесуде басымдық Қырғызбаевқа берілген еді. Себебі ол 2024 жылы дәл осы Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында қола медаль еншілеген.

Сонымен қатар жекпе-жекте жас айырмашылығы да айқын байқалды. 21 жастағы Жанцандорж Унурбат өзінен 12 жас үлкен, 33 жастағы тәжірибелі Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, сенсация жасады.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы «алтын матчтың» өтеніні күні мен уақыты белгілі болды

Redaktor

Футболшы болып қалыптасуыма әкемнің қосқан үлесі ұшан-теңіз — Жан Әли Пайруз

Redaktor

Бүгін Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы тағдыры шешіледі

Redaktor