Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Абылайхан Жұбаназар Парижде жүлдегер атанды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдо күресінен Парижде өткен әлемдік Grand Slam жарысында Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті. Жарыстың екінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар үздік үздіктен көрінді.

Қола медаль үшін белдесуде ол Аустрия спортшысы Бернд Фасчинді жарыстан шығарды.

Айта кетерлігі, бұл отандасымыз Абылайханның әлемдік Grand Slam жарыстарындағы жетінші жүлдесі. Бұған дейін ол 1 күміс 5 қола жүлдеге қол жеткізген.

Парижде өтіп жатқан жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы бақ сынады.

Ұқсас жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды (ВИДЕО)

Redaktor

Головкин АҚШ-та танымал боксшылармен кездесті

Redaktor

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Өзбекстанда үздік футболшы атанды

Redaktor