Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды (ВИДЕО)

instagram.com/@boxingkazakhstan

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда үндістандық Вишванат Сурешпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан Үндістан боксшысына берді — 5:0.

Кездесудің шешуші сәті үшінші раундта тіркелді. Дәл осы раундта Вишванат Суреш Санжар Тәшкенбайды тұрып есеп алдыруға мәжбүрледі. Бұл эпизод айқастың жалпы нәтижесіне тікелей әсер етті.

Осылайша, үндістандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал Санжар Тәшкенбай құрлық додасын медальсыз аяқтады.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионатында топ жарған еді. Алайда бұл жолы қазақ боксшысы елге жүлдесіз оралатын болды.

Қазір Қазақстан ерлер құрамасынан жартылай финалға тек Оразбек Асылқұлов (60 кг) жолдама алып отыр. Ал Сабырхановтар мен Оралбайлар бұл кезеңге шығу мүмкіндігін әлі сарапқа салады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Қазақстан бұл жарысқа 20 боксшы апарған: 10 спортшы ерлер құрамасында, 10 боксшы әйелдер құрамасында бақ сынауда. Құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Ұқсас жаңалықтар

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

Redaktor

Сүйінші! Сұп-сұлу қазақ қызы 12 дүркін әлем чемпионы атанды!

Redaktor

«Мені ешкім бағаламай отыр» – Василий Жиров елдегі спорт басшыларына ренішін айтты

Redaktor