Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Ертіс» клубы нигериялық қорғаушыға 3,5 млн теңге жалақы төлейтін болды

"Ертіс" ФК баспасөз қызметі

Павлодардың «Ертіс» футбол клубы құрамын нигериялық қорғаушы Годфри Биток Стефенмен толықтырды.
Инсайдер Арсений Исаенидің мәліметінше, 25 жастағы легионердің «Ертістегі» кепілдендірілген жалақысы 7 000 АҚШ долларын құрайды. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 3,45 миллион теңгеге тең.
Футболшымен жасалған келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Годфри Стефен кәсіби мансабында бірнеше елдің клубтарында өнер көрсеткен. Ол бұған дейін «Ислочь» (Беларусь), «Ягеллония» (Польша), «Динамо Тбилиси» (Грузия), «Диошдьер» (Венгрия), «Волга» (Ресей), «Газиантеп» (Түркия) командаларының намысын қорғаған.

Transfermarkt порталының мәліметінше, қорғаушының қазіргі нарықтағы бағасы 175 мың еуро.

Ұқсас жаңалықтар

Тарихи жетістік: Қазақстан теннистен әлемнің ТОП-6 елінің қатарына енді

Redaktor

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиадаға қатысқан спортшы басқа елге кетіп қалды

Redaktor

«Олимпиадада мәжбүрлі түрде ұтылдым»: Әбиба Әбужақынова елге беймәлім сырын ашты

Redaktor