Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Милан-2026: Бүгін отандық спортшылардан кімдер жарысқа шығады?

Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметі

9 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасының спортшылары екі спорт түрі бойынша сынға түседі.

Олимпиада-2026 аясында отандастарымыз ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден, ал әйелдер арасында конькимен жүгіруден жарыс жолына шығады.

21:30 – конькимен жүгіру, 1000 м (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева

23:00 – шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Айта кетейік, конькимен жүгіру спортында дәл осы күні медальдар сарапқа салынады. Ал шаңғымен тұғырдан секіру жарысында үздік 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдода алатын шыңдарым алда — Нұрлан Үсенов

Redaktor

Шорт-трек жаттықтырушысы 5,9 млн теңгені қалтасына басқан

Redaktor

World Boxing: Өзбекстан бокста Қазақстаннан басымдық танытып отыр

Redaktor