Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан ерте кетуге мәжбүр болды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады.
Ресми мәліметке сәйкес, медициналық көрсеткіштерге байланысты футболшы ем қабылдауын Қатарда жалғастырады. Одан кейін Дастан Алматыға оралып, командаға қосылады.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл тамыз айында ресми түрде Лондонның «Челси» клубының сапына өтеді. Трансфер толық келісілген, келісімшарт бойынша «Қайрат» ойыншы үшін 4 миллион еуро алады.
Еске сала кетсек, 13 ақпанда «Қайрат» ресейлік «Оренбург» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.
