Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан кетіп қалды

Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан ерте кетуге мәжбүр болды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сәйкес, медициналық көрсеткіштерге байланысты футболшы ем қабылдауын Қатарда жалғастырады. Одан кейін Дастан Алматыға оралып, командаға қосылады.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл тамыз айында ресми түрде Лондонның «Челси» клубының сапына өтеді. Трансфер толық келісілген, келісімшарт бойынша «Қайрат» ойыншы үшін 4 миллион еуро алады.

Еске сала кетсек, 13 ақпанда «Қайрат» ресейлік «Оренбург» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Redaktor

Базар жастары арасындағы футбол турнирінде үздіктер анықталды

admin_beksports

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Семейден» басым түсті

Redaktor