Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Елдос Сметов жоқ: Қазақстан Аустриядағы турнирге қатысатын құрамын жариялады

Фото: ijf.org

6-8 наурызда Аустрияның Линц қаласында өтетін әлемдік Гран-При кезеңінде Қазақстан атынан дзюдошылар толық құрамымен қатысады. Ел намысын қорғауға барлығы 28 спортшы аттанады.

Қазіргі таңда Елдос Сметов турнирде болмайды, бірақ желіде оның спорттық дайындықтары жөніндегі бейнежазбалар жиі жарияланып жатыр.

Ерлер құрамасы:

60 кг: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

73 кг: Есет Қуанов, Дастан Шаяхметов

81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 кг: Айдар Арапов, Нұржан Бисенов

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100+ кг: Ғалымжан Қырықбай, Елман Ерғалиев

 

Әйелдер құрамасы:

48 кг: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева

52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 кг: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет

63 кг: Саламай Ерғалиева, Ханзада Қайратова

70 кг: Кристина Сотникова, Ажар Асхат

78 кг: Шынар Абатова, Назерке Төлeуханова

78+ кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ баласы жүзу спортынан алтын алды

Redaktor

15 жастағы қазақ футболшысы «Барселона» ойыншы атанды

Redaktor

Баскетболшы жастар бақ сынады

admin_beksports