Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Майк Тайсонды жеңген Джейк Пол қалыңдығы үшін көз жасына ерік берді

https://www.instagram.com/jakepaul

АҚШ-тың танымал боксшысы әрі блогері Джейк Пол қалыңдығы, нидерландтық конькимен жүгіруші Ютта Лердамның Олимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алған сәтінен кейін эмоциясын жасыра алмады.

Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Лердам 1000 метр қашықтықты 1 минут 12,31 секундта еңсеріп, олимпиадалық рекорд орнатты. Осылайша ол мансабында алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл қашықтықта қазақстандық спортшылар Надежда Морозова, Кристина Силаева және Елизавета Голубева да өнер көрсетті. Алайда үшеуі де мәреге үздік ондықтың сыртында келді.

Джейк Пол жарыс барысында қалыңдығын трибунадан оның ата-анасымен бірге қолдады. Жеңістен кейін ол X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды:

Ютта! Мен жылауымды тоқтата алмай тұрмын. Сен мұны жасадың, сүйіктім. Олимпиада алтыны. Құдай ұлы, сен сондай кереметсің.

Айта кетейік, Ютта Лердам мен Джейк Пол 2023 жылдан бері қарым-қатынаста. Ал өткен жылдың наурыз айында Пол спортшыға үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Сондай-ақ жарыс қарсаңында Ютта Лердам Олимпиадаға Италияға жеке ұшақпен келгені және ашылу салтанатына қатыспағаны үшін қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Jake Paul (@jakepaul)

Ұқсас жаңалықтар

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Redaktor

Алматыда дзюдодан төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар ұйымдастырылды

Redaktor

Дзюдошылар Францияда соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Redaktor