Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шықпақ болған шорт-трекші Миланда ұятқа қалды

Сали Сабиров

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиаданың кезекті жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін шорт-тректен басталды.

Әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықтағы іріктеу кезеңінде Ольга Тихонова өз тобында Олимпиаданың басты фавориттерінің бірі – нидерландтық Ксандра Велзебурмен бірге жарыс жолына шықты. Алайда қазақстандық спортшы 46.352 секунд нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады.

Ал Қазақстан туын алып шығуы мүмкін спортшы ретінде аталған Яна Хан жарыстың алғашқы айналымдарында соңғы орында келе жатып, күтпеген жерден сүрініп құлап қалды. Соған қарамастан, ол жарысты жалғастырып, 1:19.722 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.

Ұқсас жаңалықтар

«Бізге креатив жетіспеді»: Талғат Байсуфинов Фарер аралдарынан жеңілу себебін түсіндірді

Redaktor

Головкин рингке оралуы жайлы айтты

Redaktor

«Аспаннан түсу керек: Уразбахтин «Қайрат» футболшыларының еркелеп кеткенін айтты

Redaktor