Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

Қуат Хамитов халықаралық турнирде жеңіске жетті

Фото: kuat__khamitov

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Ол жартылай орта салмақта бразилиялық Алан Силваға қарсы жекпе-жек өткізіп, кездесуді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен өз пайдасына аяқтады.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және толық қашықтықта өтті. Осылайша, Хамитов кәсіби мансабындағы 28-ші жеңісін тіркесе, Алан Силва 12-ші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Қуат Хамитов үшін бұл өткен жылдың қазан айынан бергі ММА ережесі бойынша алғашқы жекпе-жек болды. Ол кезде қазақстандық спортшы ресейлік файтер Анатолий Бойконы да төрешілер шешімімен жеңген еді. Ал Алан Силва бұған дейін желтоқсан айында өткен кездесуде отандасы Моасир Рошаны екінші раундта сабмишн арқылы жеңген болатын.

Қуат Хамитов кәсіби деңгейде 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2014 жылы ол Alash Pride ұйымында 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, бір жылдан кейін WBK нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алды. 2016 жылы WBK ұйымы аясында жартылай орта салмақта да чемпион атанды.

2023 жылы Хамитов Hardcore FC поп-лигасында дебют жасады.

Сонымен қатар Қуат Хамитов Қазақстанда актер ретінде де танымал. Ол «Портье: Мальчик на побегушках» және «Миссия выполнима» фильмдеріне түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Дана Уайт қазақстандық екі боксшымен келісімшартқа отырды

Redaktor

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Қазақ футболшысының екі голы «Левантеге» маңызды жеңіс сыйлады

Redaktor