Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Шайдоров Қазақстан халқына үндеу жасады

Фото: Сали Сабиров (ҰОК)

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.

Спортшы Милан қаласынан жолдаған видеосында мемлекет басшысына және мәнерлеп сырғанау федерациясына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Федерация президентіне мәнерлеп сырғанаудың дамуына қосқан үлесі үшін рахмет айтамын. Қазақстандықтарға, трибунада және экран алдында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, әлеуметтік желілерде жазба қалдырған баршаңызға ерекше алғыс. Кейінгі екі күнде ұйықтаған жоқпын, қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді Шайдоров.

Сондай-ақ ол жарысқа дайындық кезінде жанында болған бапкерлер мен мамандарға ризашылығын жеткізді.

«Құрметті достар! Сіздерге Миланнан сәлем жолдаймын. Маған қолдау білдірген барша отандастарыма ризашылығымды жеткізгім келеді. Біздің дайындығымызға ерекше қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Еліміздің мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералыға кейінгі жылдары аталған спорттың дамуына сіңірген еңбегі үшін рақмет айтамын», – деді спортшы.

Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Өткен жыл спортшы үшін табысты болды. Ол АҚШ-тың Бостон қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, төрт құрлық чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Харбинде өткен Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Махмұд Сабырхан үйленді

Redaktor

«Қайрат» футболшылары Лондонға жетті

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Redaktor