Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады

vseprosport.kz

Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтар өтеді. Бұл сатыда 1/8 финалға тікелей шыға алмаған командалар жолдама үшін таласады.

17 ақпан

«Галатасарай» (Түркия) — «Ювентус» (Италия)

«Боруссия Дортмунд» (Германия) — «Аталанта» (Италия)

«Монако» (Франция) — «Пари Сен-Жермен» (Франция)

«Бенфика» (Португалия) — «Реал Мадрид» (Испания)

18 ақпан

«Карабах» (Әзербайжан) — «Ньюкасл Юнайтед» (Англия)

«Олимпиакос» (Грекия) — «Байер» (Германия)

«Брюгге» (Бельгия) — «Атлетико Мадрид» (Испания)

«Будё-Глимт» (Норвегия) — «Интер Милан» (Италия)

Қарымта ойындар 24 және 25 ақпан күндеріне белгіленген.

Ақпанның 17-нен 18-не қараған түні сағат 1:00-де «Бенфика» (Португалия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады.

Финал 30 мамырда Мажарстан астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Назым Қызайбай үлкен спорттағы мотивациясының сырын айтты

Redaktor

Тедди Ринер Олимпиадада ең көп жүлде иеленген дзюдошы атанды

Redaktor

Еліміздің абыройы үшін жеңіске жетуді көздейміз — Әли Әлиев

Redaktor