Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Төрехан Сабырханның кәсіпқой боксқа қашан ауысатыны белгілі болды

ҚФБ

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков елдің жас әрі талантты боксшыларының бірі Төрехан Сабырханның болашағына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Сабырхан кәсіпқой боксқа ауысуға ниетті. Алайда спортшы алдымен бір олимпиадалық циклды толық өткізуді жоспарлап отыр. Федерация басшысы мүмкін болса, екі циклды аяқтаған дұрыс деп санайды.

Ол – өте талантты, қиындыққа мойымайды. Кәсіпқой рингке лайық боксшы, – деді Ерденбеков YouTube-тағы Aqyrys Seitqazy арнасына берген сұхбатында.

Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы. 2025 жылдың қыркүйегінде ол World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Сол жылы сәуірде кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, чехиялық Иржи Хаукені үшінші раундта нокаутпен жеңді.

2026 жылы Испанияда өткен Boxam Elite турнирінде алтын медаль иеленіп, жарыстың үздік боксшысы атанды. Сарапшылар оның болашағына зор үміт артып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Тағы бір федерация тізгінін шетелдік маман ұстады

Redaktor

Милан-2026: Бүгін Шайдоров, Галышева және Әжіғалиев жарыс жолына шығады

Redaktor

Биылғы маусымының үздік бомбардирлері мен ассистенттері белгілі болды

Redaktor