Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дау-дамайға толы ойында «Реал» жеңіске жетті

"Реал" ФК

Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы алғашқы матчта «Бенфика» өз алаңында «Реал Мадрид» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Лиссабонда өткен кездесудің тағдырын 50-минутта соғылған жалғыз гол шешті. Гол авторы – Винисиус Жуниор.

Матч барысында бірнеше даулы сәт орын алды. Голдан кейін Винисиус бұрыштама жалаушасы маңында трибунаға ишара жасап, алаң иелерінің ойыншыларының ашуын туғызды. Соның салдарынан Винисиус мен Джанлука Престианни арасында қақтығыс болды. Кейін мадридтік клубтың ойыншысы төрешіге өзіне нәсілшілдік сипаттағы сөздер айтылғанын жеткізген. Осы оқиғаға байланысты матч біраз уақытқа тоқтатылды.

Ойынды басқарған француз төрешісі Франсуа Летесье Винисиусқа екінші сары қағаз көрсетпеді. Ал «Бенфиканың» бас бапкері Жозе Моуринью төрешімен сөзге келіп, алаңнан қуылды. Сондықтан ол 25 ақпанда Мадридте өтетін қарымта кездесуде командасына көмектесе алмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Талғат Байсуфинов пен Нұралы Әліп әлемнің үздік жаттықтырушысы мен қақпашысын таңдады

Redaktor

Қазақстан балуандары Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Redaktor